
ЖШС "Айсұлтан" бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі: Күнділдаева Айгүл Дәнебекқызы
Күнділдаева Айгүл Дәнебекқызы 1995-2015 ж аралығында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында мектеп қабырғасында физика пәні мұғалімі бойынша қызметін атқарды. 2015ж бастап ЖШС «Айсұлтан» бөбекжай - балабақшасында меңгеруші қызметін атқарып келеді. Жоғарғы педагогикалық білімі бар. 1990 - 1995 жылы Шымкент педагогикалық институтының жалпытехникалық пәндер және еңбек мамандығы бойынша оқу орнын бітірді. Жалпы педагогикалық өтілі – 28 жыл.
Айгүл Дәнебекқызы үшін меңгеруші қызметі - тек қана қызмет емес, өмір салты. Басшы ретінде ол бөбекжай-балабақшаның өсіп - өркендеуі, қызметкерлердің қолайлы жағдайда жұмыс жасауы, ал ата - аналардың өз балаларын сеніп тапсыра алуы үшін қолынан келгенін ешқашан аямайды. Айгүл Дәнебекқызы өз ісінің нағыз маманы, бастамашыл, ұжым мүшелерінің шығармашылық қасиеттерінің оянуына, олардың жеке бас қасиеттерінің жандануы және жақсаруына ықпал ете алатын тәжірибелі басшы.
Басшы ретінде бөбекжай - балабақшаның мақсаты, міндеті, ережесіне сай педагогикалық кадрларды шебер таңдай алатын қасиетке ие.
Айгүл Дәнебекқызы жоғарғы креативті талғамының арқасында, бөбекжай - балабақшаға ата - аналар мен олардың балалары күн сайын асқан құлшыныспен келеді. Бөбекжай - балабақшаның безендірілуіне қарап көз тартарлық көріністерді көруге болады.







Сұрақ қою