Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі 98

ЖШС «Айсұлтан» бөбекжай- балабақшасы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің  алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке  дейінгі ұйымдар ашыла бастады.

Осыған орай, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты, ЖШС «Айсұлтан» бөбекжай-балабақшасы    Шаян  ауылындағы  Б.Қарашұлы көшесінде, жер аумағы 628,6ш/м құрайтын, ЖШС «Айсұлтан» бөбекжай- балабақшасы  2014 жылы 24 желтоқсан  айында Шаян ауылының  әкімі Батырбек Көшербай мырзамен және де бірқатар  лауазымды азаматтардың  қатысуымен ашылды.

Бөбекжай-балабақшасы жалпы – 4 топтық, 100 орынға негізделді.

          Бөбекжай-балабақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:

          -Кіші топ /2 жастан /

          -Ортаңғы топ /3 жастан/

          -Ересек топ /4жастан/

          -МАД топ /5жастан/ 

Мекеме бір қабатты, автономды жылыту жүйесімен, су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп, өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық-түлік қоймасы, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.

Егу және оқшаулау бөлмелерден тұратын  төлқұжаттандырылған медициналық  кабинетпен қамтылған. Бөбекжай –балабақшада  жалпы 8 бейне камералар орнатылған, оның -6 данасы мекеме ішіне, 2 данасы  мекеменің сыртына орналастырылған.    

Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.

Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарқататын бөлмелері бар.

Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан   алаңқайлар бар.

Бөбекжай-балабақшаға тәрбиеленушілер SmartNation BALABAQSHA.kz электронды жолдамасы бойынша  2 жастан бастап қабылданады. Бөбекжай-балабақша   жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі  сағат 18:30 да аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс  жүйесіне негізделген.

Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған жүйе enbek.kz/ сайт) арқылы қабылданады.

Ас мәзірі таңғы, екінші ас, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.

Бақша қуаттылығы:

100 орын, 100 бала санын құрайды. Оқыту тілі: мемлекеттік қазақша.